Оқушылары ағымдағы жылдың 17 қаңтарынан бастап қашықтықтан оқыту форматына ауысады. » "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жамбыл атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жамбыл атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
қаңтар
2022

Оқушылары ағымдағы жылдың 17 қаңтарынан бастап қашықтықтан оқыту форматына ауысады.

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 14.01.2022 күнгі Алматы облысының аумағында карантиндік шараларды күшейту туралы қаулысының негізінде Алматы облысының аумағында COVID-19 короновирустық инфекциясының таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты мектеп оқушылары ағымдағы жылдың 17 қаңтарынан бастап қашықтықтан оқыту форматына ауысады. Қашықтықтан оқыту – білім алушы мен педагог қызметкерінің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту. Ал денсаулық – адамның баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүниесі. Ол адам өміріндегі ең бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөліп қарауы қажет, оны орынсыз ысырап етпеуі керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыруы керек.Дана халқымыз: «Тәні саудың- жан сау» деп тән саулығына аса мән берсе, «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» - ең бірінші байлыққа баса назар аудару керек екенін ашық айтады.
Құрметті ата-аналар, осынау қиын кезеңде денсаулығымызды сақтай отырып, балалардың қашықтықтан оқу формасына жағдай жасап, қолдау көрсетеді деп сенеміз. Уақытша қиындыққа сабырлық танытсақ, бұл ауыртпалықты да жеңіп шығамыз. #Күшіміз бірлікте!