13
қазан
2022
"Жамбыл атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
БҮГІН КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЫ МӘНШҮК МӘМЕТОВАНЫҢ ТУҒАНЫНА – 100 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ, 4-6 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА МЕКТЕПІШІЛІК “КӨРКЕМСӨЗ ОҚУ” ЖАНРЫ БОЙЫНША ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУ өткізілді. Байқау қазақ тілі мен әдебиеті пәндері әдістемелік бірлестігінің, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Динара Әділбекқызының ұйымдастыруымен өткізілді. Байқауға мектеп оқушылары өте жақсы дайындықпен келген. Ақындардың шығармаларымен қатар, жүрекжарды өлеңдерін де оқыды. Іс-шараға мектеп директоры Мауленова Раушан Мауленовна, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары: Э.Санатбекова, Я.Есжанова, Д.Бердіқожа, педагог-психолог М.Каймолдаева, Д.Бастаубаева мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Джакаева қатысып, байқауда оқушыларға әділ бағасын берді. Байқауда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Д.Әділбекқызы, А.Лесова, Ә.Карабалаева, Е.Марс, ән айтып, ақындардың өлеңдерін оқыды. Байқау жоғары деңгейде өткізіліп, барлық қатысушылар мектеп директоры Р.Мауленованың мақтау қағаздарымен марапатталды. Жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді ояту, Отанға, туған жерге, елге деген сүйіспеншілікті ояту мақсатында игі іс-шара өткізілді. Оқушылар мен көрермендер рухани құндылықтарды дәріптеуді тағы бір мәрте бойына сіңірді. Осындай әдеби де, маңызы зор іс-шаралар болашақта жалғасын табады. Байқауға қатысушылар мен ұйымдастырушыларға үлкен алғысымызды білдіреміз!
https://www.instagram.com/p/CjqJVWMo7V1/