13
қыркүйек
2022
мбыл атындағы орта мектебінде 2022 жылдың 12 қыркүйек күні Отбасы күніне арналған ауқымды іс-шара болып өтті. 1-11 сыныптарда "Отбасы-бақыт мекені" тақырыбында сынып сағаттары жүргізілді
https://www.instagram.com/p/CicUtfIoPAj/жамбыл атындағы орта мектебінде 2022 жылдың 12 қыркүйек күні Отбасы күніне арналған ауқымды іс-шара болып өтті. 1-11 сыныптарда "Отбасы-бақыт мекені" тақырыбында сынып сағаттары жүргізілді. Отбасылық құндылықтарды дамыту мақсатында 7-8 сыныптарда "Отбасы өнегесі" атты бейнероликтер дайындалды. 5-6 сыныптарда "Мен отбасыммен мақтанамын" тақырыбында сурет байқауы өткізілді. 2-4 сынып оқушылары "Мен және менің отбасым" атты фотоколлаж жасап, көрме дайындады. Оқушылар көрмесі көз тартарлықтай және басқаға үлгі болатындай әсер қалдырды. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 1 сынып оқушылары мен ата-аналары арасында "Мыңнан жүйрік отбасы" атты эстафеталық жарыс өткізілді. Жарысқа 7 отбасы қатысып, өздерінің мықты отбасы екендіктерін көрсетті. Жеңімпаз отбасылар марапатталды.