Хабарландыру конкурс!!! » "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жамбыл атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жамбыл атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
қазан
2023

Хабарландыру конкурс!!!

     Хабарландыру конкурс!!!

«Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жамбыл атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос тұрған келесі мамандық лауазымына тағайындау және орналастыру конкурсын жариялайды.


Пошталық мекен-жайы: индексі: 040914, Алматы облысы  Қарасай ауданы  Жамбыл ауылы   Жамбыл көшесі  № 24 ғимарат  Байланыс телефоны: 8(72771) 3- 53- 37, электрондық сайт: http://zhambyl.karasai.edu.kz


«Жамбыл атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 19 апталық сағат орыс сыныптарындағы математика пәнінің мұғалімі,17 апталық сағат информатика пәнінің мұғалімі, 9 апталық сағатқа география пәнінің мұғаліміне конкурс жариялайды.


Білім беру ұйымының кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары:


"Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 169 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 сәуірде № 20551 болып тіркелді

       "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 34) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

       1. "Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2009 жылғы 17 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

       Педагог лауазымдарының типтік біліктілік сипаттамалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.













Педагог лауазымдарының типтік біліктілік сипаттамалары

1-тарау. Жалпы ережелер

       1. Осы Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңына сәйкес әзірленді және мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік (орта білімнен кейінгі), арнайы, мамандандырылған, қосымша білім беру ұйымдарының меншігіне, ведомстволық бағыныстылығы мен ұйымдастыру-құқық нысанына қарамастан қолдануы үшін міндетті.

      2. Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамасы (бұдан әрі - Сипаттама):

      білім беру ұйымдарындағы олардың орны мен рөлін анықтайтын құрылымдық бөлімшелер туралы ережелер жасауға;

      педагогтердің міндеттерін, құқықтарын және жауапкершіліктерін белгілейтін лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеуге;

       кадрларды іріктеу мен орналастыру, оларды пайдалануда дұрыстығына бақылауды жүргізуге; 

      білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілік санаттарын беру (растау) рәсімдерін өткізуге негіз болады.

      3. Педагогтер лауазымының атаулары білім беру ұйымдарының штат кестесінде осы Сипаттамада көрсетілген лауазымдық атауларға сәйкес келуі қажет.

      4. Мамандардың лауазымдық міндеттер мен білім талаптарына (бас есепші, бас инженер, есепші, инженер, экономист және тағы басқалар) лауазымдары бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген қызметтің барлық саласына арналған жалпы біліктілік сипаттамасының негізінде анықталады.

Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 2020 жылғы 30 сәуірдегі 
 № 169 бұйрығына 
 қосымша

Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 2009 жылғы 13 шілдедегі
 № 338 бұйрығымен 
 бекітілген

6-параграф. Барлық мамандықтардың пән мұғалімдері

       Лауазымдық міндеттері: Оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес және "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасының негізінде оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады, 

      білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал етеді, білім алушының жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді.

       Оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді түрлерін, әдістері мен құралдарын қолданады. 

       Қысқа мерзімді жоспарларды, бөлімдер мен тоқсанның суммативті бағалауға арналған тапсырмаларды жасайды. 

       Электронды журналдарды толтырады. 

      Жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген оқушылар мен деңгейден төмен емес тәрбиеленушілердің пәндік нәтижелерін, отбасылық-қызметтік, тұлғалық жетістіктерін қамтамасыз етеді.

      Оқу бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді.

       Әдістемелік бірлестіктердің, әдістемелік кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады. 

       Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділігін зерттейді. 

      Арнайы (түзету) білім беру мекемелерінде оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамуында ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.

      Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады.

       Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындайды. 

       Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді. 

       Ата-аналармен немесе оларды алмастыратын тұлғалармен ынтымақтастықты жүзеге асырады. 

       Жабдықты пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасы талаптарын орындайды. 

       Білім беру процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді. 

       Тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады. 

       Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді. 

      Білім алушылар, тәрбиеленушілер, арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

       Білуге міндетті: 

       Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын, білім беруді дамытудың бағыттары мен перспектикваларын айқындайтын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді, 

       педагогика мен психологияны, 

       пәнді оқыту әдістемесін, тәрбие жұмысын, оқыту құралдарын және олардың дидактикалық мүмкіндіктерін, 

       оқукабинеттері мен қосалқыүй-жайлардыжабдықтауғақойылатынталаптарды, 

      еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

      Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі болуы тиіс.

      Және (немесе) бар болған жағдайда біліктілігі жоғары деңгейдегі педагогикалық жұмыс өтілі үшін педагог-шебер – 5 жыл.

      Педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші кемінде 4 жыл.

Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

      1) "педагог" (санаты жоқ):

      Оқу пәнінің, оқу-тәрбие процесінің, оқыту және бағалау әдістемесінің мазмұнын біледі;

       Білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлайды және ұйымдастырады, 

       Білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, 

      білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысады, білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асырады

      2) "педагог-модератор":

      "педагог" санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар:

      Оқытудың инновациялық нысандарын, әдістері мен құралдарын пайдаланады, білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтайды, білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылар болады;

      3) "педагог-сарапшы":

       "педагог-модератор" санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар:

      Ұйымдастырылған оқу қызметтерін талдау дағдыларын меңгерген,

      Конструктивті және тәлімгерлікті іске асырады, білім беру ұйымдары деңгейінде жекелей немеесе ұжым болып кәсіби дамыту басымдықтарын анықтайды:

      қала/өңір деңгейінде тәжірибені жинақтайды, білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылар болады;

      4) "педагог-зерттеуші":

       "педагог-сарапшы" санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар:

      Сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгерген,

       Білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді, 

      Білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді,

       Педагогикалық қоғамдастықта аудан, қала деңгейінде тәлімгерлікті жүзеге асырады және даму стратегиясын конструктивтіанықтайды, 

       облыс/республикалық маңызы бар және астаналық қалалары, Республика деңгейінде тәжірибені жинақтайды (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін); 

       облыс/ республикалықмаңызы бар жәнеастаналыққалалары, республика деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін); 

       5) "педагог-шебер": 

      "педагог-шебер" санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар:

       Авторлық бағдарламалары бар болуы және республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған, авторлық бағдарламасы немесе оқулықтарға, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең автор) бола алуы; 

       Ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді, 

       Жетекшілік етуді іске асырады және облыс деңгейінде кәсіби бірлестіктердің желісін дамытуды жоспарлайды, 

       Республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы болып табылуы немесе облыстық білім беру органдарының уәкілмен бекітілген республикалық және халықаралық конкурстарға қатысушыларды даярлауы тиіс. 


Конкурсты өткізу орны және күні: 02.10–17.10.2023 ж аралығында құжаттар қағаз және электронды http://zhambyl.karasai.edu.kzтүрде қабылданады.

02.10- 17.10.2023 ж аралығында құжаттар қаралып, конкурс қорытындысы бойынша шешім шығарылады.


Мекен-жайы:  Алматы облысы  Қарасай ауданы  Жамбыл ауылы   Жамбыл көшесі  №24 ғимарат  Байланыс телефоны: 8(72771) 3- 53- 37


Конкурсты өткізу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 19.11.2021 №568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау   министрнінің 21.11.2021 №432 бұйрықтарымен бекітілген ережеге сәйкес айқындалады.https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1200007495


Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурсқа қатысуға өтінімдер хабарлама жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қағазжәне электронды түрде қабылданады.


Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

       1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1200007495) сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

       6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

      10) 11-қосымшаға (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1200007495) сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Байқаушыныңконкурстық комиссия отырысынақатысуы:

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар шақырылады.



Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив