Білімді бол, ұмтыл алға! Жолың болсын Жас Маман! » "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жамбыл атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жамбыл атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
наурыз
2022

Білімді бол, ұмтыл алға! Жолың болсын Жас Маман!

Жастарды қолдау саясаты әрқашан мемлекет назарынан түскен емес. Еліміздің болашағы – бүгінгі жастардың қолында. 2022 жылдың 19-шы ақпан күні Жамбыл орта мектебінде «Үздік жас маман- 2022» сайысы  өтті.
Сайысқа мектебіміздің 10 жас маманы қатысып, бақтарын сынады. Атап айтсақ : Жексембаев Ұлан– АӘД пәні мұғалімі, Жолдыкараева Жадыра – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Жуманова Алмагүл – биология  пәні мұғалімі, Каймолдаева Мөлдір – педагог- психолог, Құдайбергенов Нұрсұлтан – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, Амангелдиев Бексұлтан– дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, Бейсебаева Диана – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, Кульжанова Салтанат-ағылшын тілі пәні мұғалімі, Махмұт Жанымкүл-бастауыш сынып мұғалімі, Туткабаева Алия- орыс тілі пәнінің мұғалімі.
Сайысқа түскен жас мамандар төмендегі сынақтардан өтті: таныстыру,   өз өнерін көрсету, жағдаяттық сұрақтар және ең үздік қысқа мерзімді жоспар .
Өте қызықты әрі тартысты  өткен сайысқа жас мамандар тиянақты дайындықпен келгендіктерін көрсетті. Таныстыру және өнер көрсету кезеңдерінде мұғалімдер өздерінің жан-жақтылығын көрсете білді. Жас болса да, ұстаз деген атқа лайық жас мамандар педагогикалық жағдаяттардан жақсы шыға білді. Сабақ жоспарын құру барысында білім мазмұнын жаңарту шеңберінде белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланып, педагогикалық шеберліктерін көрсетті.  Әділ қазылар алқасының  мүшелері  төрт  кезең бойынша  қатысушылардың бағаларын сараптап, нәтижесін шығарды. Ал мектеп директоры мен  орынбасарлары  сайыс бойынша әділ қазылар шешімін қорытындылап, жеңімпаздарды жариялап марапаттады.  Нәтижесінде белсенді қатысып, ерекше көзге түсе білген Бейсебаева Диана Жақсылыққызы Бас жүлдені иеленсе, I орын-Амангелдиев Бексұлтан Серікұлы, I орын -Кульжанова Салтанат Айтжанқызы, III орынды Жолдыкараева Жадыра иеленді.
Қалған ұстаздарымыз: “Креативті жас маман-2022”
“Белсенді жас маман-2022”, «Шығармашыл  жас маман-2022», «Дарынды жас маман-2022»,   «Білікті жас маман-2022»,  «Өнерлі жас маман-2022» номинацияларымен  марапатталды.
Білімді бол, ұмтыл алға! Жолың болсын Жас Маман!
 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив