14
шілде
2022
"Табиғатым-тынысым" атты тынығу іс-шарасы
Балалар жылы-2022. Күндізгі тынығу лагері. 2022 жылдың 12 шілде күні Жамбыл атындағы орта мектебінде тәрбиешілердің ұйымдастыруымен балалар демалысында "Табиғатым-тынысым" атты тынығу іс-шарасы болып өтті. Аталған іс-шарада оқушылар табиғат аясына серуенге шығып, көңілді ойындар ойнап, табиғаттың ғажайыптарын тамашалады. Балалар үшін жаз мезгіліндегі тынығу қызықты да, көңілді өтуде.



