Директордың міндетін атқарушы. » "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жамбыл атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жамбыл атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
қыркүйек
2021

Директордың міндетін атқарушы.

Директордың міндетін атқарушы.

Туған күні, айы, жылы: 09.08.1988

Білімі: жоғары

2008 жылы Алматы қаласы «Қаз Нұр» гуманитарлық колледжі  «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығын алып шықты.

2012 жылы Абай облысы «Alikhan Bokeikhan University» «Педагогика және психология» мамандығын алып шықты.

2022 жылы Абай облысы «Alikhan Bokeikhan University» «Орыс тілі мен әдебиетінің оқыту әдістемесі» мамандығын алып шықты.

Мамандандырылған санаты - Педагогика және психология   (Педагог - сарапшы).

Санатбекова Эльмира Асетовна  еңбек жолын 2008 жылы Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жамбыл ауылы, Жамбыл  атындағы орта мектепте мектеп алды даярлық  сыныбының мұғалімі болып бастады. 2012 -2020 жылдар аралығында педагог – психолог  қызметін атқарған.2020-2023 жылдар аралығында  мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. Эльмира Асетовна  жас ұрпаққа жан- жақты тәрбие беруде зор қабілеті мен іскерлігін ұштастырып келе жатқан еңбекқор, ізденімпаз басшы. Мектепті басқару ісін үнемі жетілдіріп, оның материалдық техникалық базасын нығайтып отырады. Сонымен қатар оқушылардың өнерге деген сүйіспеншіліктерін, ұмтылыстарын қолдап отырады. Қызмет барысында табысты еңбектері үшін  Облыстық, аудандық алғыс хаттарымен  марапатталды.

Эльмира Асетовна  2023 жылдың 01 наурызынан бастап, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жамбыл ауылы, Жамбыл  атындағы орта мектептің  директорының міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды.

Жас мамандарды педагогикалық кәсіпке баулу мақсатында мектепте жаңартылған білім мазмұны тақырыптарына байланысты коучингтер, семинарлар ұйымдастырудың шебері. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде тағылымы мол, тәрбиелік мәні зор мақалалары баспасөз бетінде жиі жарияланады.

Санатбекова Эльмира Асетовна  өз әріптестері арасында сыйлы, беделді, тәжірибелі маман, әрбір мұғалімнің өтініш-тілектерімен, жеке пікірлерімен есептесетін, үнемі мұғалімдерге ақыл- кеңестер беретін іскер басшы.