Тегін ыстық тамақ » "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жамбыл атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жамбыл атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
қыркүйек
2021

Тегін ыстық тамақ

Тегін ыстық тамақ

«Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2020жыл 28 желтоқсан  №145 қаулысын
 басшылыққа ала отырып, «Жамбыл атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесіне 188 ерекшелік (жалпыға бірдей
 міндетті орта білім беру қорының шығындары) бойынша бөлінген қаражатты
 игеруге байланысты және тұрмыс жағдайы төмен, жетім, жартылай жетім,
 көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға көмек көрсету мақсатында 255 бала асханамыздан тегін ыстық тамақ ішіп жатыр. Оқушылардың тамақтануын ұйымдастырудың іс-шаралар жоспары дайындалып, бекітілді. Балалардың тегін ыстық тамақты ішуін әлеуметтік педагог пен медбике күнделікті қадағалап жүр. Асханаға оқушылардың тамақтану кестесі бекітіліп ілінді. Оқушылардың сынып бойынша тамақтануын кезекші мұғалімдер бақылайды.   Әр тоқсан сайын оқушылардың тамақтану табелі жасалып, сынып жетекшілер қадағалап қол қойып отырады. 

Тегін ыстық тамақ аудандық білім бөлімі бекітіп берген ас мәзірі бойынша дайындалып, беріліп жатыр. Балалар алдын-ала жасалынған график бойынша тамақтанып жүр. Мектеп әкімшілігі және мектебіміздегі ата-аналар комитетінің төрайымы, «Балалар құқығын қорғау» инспекторы, қамқоршылық кеңес мүшелері, кәсіподақ ұйымының жетекшісі, мектеп медбикесімен бірлесіп  тамақ сапасына зерттеу жүргіздік. Нәтижесінде тамақ сапасы жоғары деңгейде екені анықталды. Мектеп ұжымы мен ата-аналардың тамаққа байланысты шағымдары жоқ.

Тегін ыстық тамаққа  255 бала күнделікті толық барып жүр. 


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив