14
қаңтар
2022
Оқушылары ағымдағы жылдың 17 қаңтарынан бастап қашықтықтан оқыту форматына ауысады.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 14.01.2022 күнгі Алматинская областьның аумағында карантиндік шараларды күшейту туралы қаулысының негізінде Алматинская областьның аумағында COVID-19 короновирустық инфекциясының таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты мектеп оқушылары ағымдағы жылдың 17 қаңтарынан бастап қашықтықтан оқыту форматына ауысады. Қашықтықтан оқыту – білім алушы мен педагог қызметкерінің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту. Ал денсаулық – адамның баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүниесі. Ол адам өміріндегі ең бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөліп қарауы қажет, оны орынсыз ысырап етпеуі керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыруы керек.Дана халқымыз: «Тәні саудың- жан сау» деп тән саулығына аса мән берсе, «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» - ең бірінші байлыққа баса назар аудару керек екенін ашық айтады.
Құрметті ата-аналар, осынау қиын кезеңде денсаулығымызды сақтай отырып, балалардың қашықтықтан оқу формасына жағдай жасап, қолдау көрсетеді деп сенеміз. Уақытша қиындыққа сабырлық танытсақ, бұл ауыртпалықты да жеңіп шығамыз. #Күшіміз бірлікте!




Құрметті ата-аналар, осынау қиын кезеңде денсаулығымызды сақтай отырып, балалардың қашықтықтан оқу формасына жағдай жасап, қолдау көрсетеді деп сенеміз. Уақытша қиындыққа сабырлық танытсақ, бұл ауыртпалықты да жеңіп шығамыз. #Күшіміз бірлікте!



