31
қаңтар
2022
Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ашық сұхбат алаңында
Өткен сенбі күні ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ашық сұхбат алаңында жақында болған қаңтар оқиғасы, оның салдары мен себептері, болашаққа бағдар, басқа да қордаланған шаруалар төңірегінде БАҚ өкілімен ой бөліскен болатын . Президенттің осы сұхбатын әрбір қазақстандық үлкен ықыласпен тыңдады деп ойлаймын. Сұхбаттың алғашқы сәтінен-ақ Президенттің шынайылығын мен ашықтығын, диалогқа оң қарайтындығын сезіндім. Қойылған сұрақтардың барлығына Қасым-Жомарт Кемелұлы ашық жауап берді. Ең бастысы бүгінде барлық азаматтың көкейінде жүрген мәселелер жан-жақты талқыға түсті. https://youtu.be/lwzhOH-xcgI осы сілтеме арқылы сұқбаттың толық слабовидящихн көріп шығуға болады. Өз сөзінде ел Президенті еліміздің болашағы білімде, ғылымда, жаңа технологияларда және қазақстандықтардың әл-ауқатының артуында екендігін айтты. Олай болса, арғы ата-бабаларымыз аңсаған жаңа Қазақстанды құру кезеңінде бұл жасалып жатқан қадамдар дамудың бір үрдісі болары анық.
Мектеп директоры Дархан Сатылғанұлы Накысбеков!
Мектеп директоры Дархан Сатылғанұлы Накысбеков!