«Қастерлі Отанымыз – Қазақстан әлем картасындағы егемен ел ретінде қуатты мемлекетке айналады» Қасым-Жомарт Тоқаев » "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жамбыл атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жамбыл атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қастерлі Отанымыз – Қазақстан әлем картасындағы егемен ел ретінде қуатты мемлекетке айналады» Қасым-Жомарт Тоқаев
11
қаңтар
2022

«Қастерлі Отанымыз – Қазақстан әлем картасындағы егемен ел ретінде қуатты мемлекетке айналады» Қасым-Жомарт Тоқаев



«Қастерлі Отанымыз – Қазақстан әлем картасындағы егемен ел ретінде қуатты мемлекетке айналады» Қасым-Жомарт Тоқаев

​Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты «Жамбыл атындағы орта мектеп» Коммуналдық Мемлекеттік мекемесінің ұстаздар қауымы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуін егжей-тегжейлі тыңдай отырып, еліміз тәуелсіздік тарихында аса күрделі, қатерлі кезеңді бастан кешіргенін, оның ішінде жүрегімізге батқаны, өмірі қыршыннан қиылған жастар мен қарапайым халықтың, жазықсыз өмірмен қоштасқан мектебіміздің жас жеткіншегі, білімді де, алғыр оқушы, спортсмен Кылычбек Сұлтанның өлімі.
​Бүгінгі үндеуінде Президентіміз Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің отырысында жаңа премьер-министрдің кандидатурасын бекіте отырып, халықтың әл-ауқатын арттырып, еліміздің тұрақтылығы мен тыныштығын орнату мақсатында көптеген көкейтесті мәселелерді қадап айта отырып, қарқынды тапсырмаларды орындауды бұйырды.
​Біріншіден, ҰҚШҰ-ның басты миссиясының аяққталғанын, қазіргі таңда барлық содырлар мен оның сыбайластарын тауып жазалау керектігіне баса назар аударды. Қаза болған тәртіп сақшыларының отбасына көмек көрсетуді, қираған дүние-мүлікті қалпына келтіруді, тауарлар бағасының негізсіз көтерілмеуін тапсырды.
​Екіншіден, құқық қорғау органдары жүйесін реформалау қажеттігін алға тартты.
​Үшіншіден, Президент бүкіл ұлттық қауіпсіздік жүйесін түбегейлі қайта құруды тапсырды.
​Өз сөзінде Көшбасшымыз: Ұлттық банкке, үкіметке, «Атамекен» палатасына инфляцияны бақылау бойынша кешенді шара әзірлеу қажеттігін айтты.
​Президентіміз «Қазақстан халқына» әлеуметтік қорын құруды тапсырды. Қор сирек кездесетін дертке шалдыққан балаларға көмектесетін болады. Сондай-ақ, қордағы қаржының денсаулық сақтау, білім беру, балалар спорты мен басқа да қоғамның қажеттілігіне жұмсалатындығын айтып, бізді қуантты. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың үкіметке «Атамекен» палатасына ел табысын қамтамасыз ету үшін арнайы бағдарлама әзірлеуге екі ай уақыт бергендігі жүрегімізде нық сенім ұялатты.
​Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдаулары мен үндеулерінде мұғалімнің қоғамдағы рөлінің ерекше екендігін қадап айтаты.