Мектебімізде «Үздік жас маман - 2023” сайысы өтті. » "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жамбыл атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жамбыл атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
наурыз
2023

Мектебімізде «Үздік жас маман - 2023” сайысы өтті.

https://www.instagram.com/p/Cp2-LBaILN3/
"Жамбыл атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
10.03.2023ж
Жастарды қолдау саясаты әрқашан мемлекет назарынан түскен емес. Еліміздің болашағы – бүгінгі жастардың қолында. Мектебімізде «Үздік жас маман - 2023” сайысы өтті. Жас маман мектебінің жетекшісі Мәлік Гүлдана.
Сайысқа мектебіміздің 8 жас маманы қатысып, бақтарын сынады. Атап айтсақ: Жолдыкараева Жадыра – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Бердалиева Ақдидар - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Жуманова Алмагүл – биология  пәнінің мұғалімі,
Жанатұлы Досжан - информатика пәнінің мұғалімі,
Игілік Есет – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі,
Мамыш Гүлдана – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі,
Кульжанова Салтанат - ағылшын тілі пәні мұғалімі, Махмұт Жанымкүл - бастауыш сынып мұғалімі.
Сайысқа түскен жас мамандар төмендегі сынақтардан өтті: "Үздік Жас Маман -2023"
Сайыс кезеңдері:
1. “Мен неге ұстаздықты таңдадым?”
Ted форматында қорғау
2. Поэзия әлемі. Еркін тақырыпта Ұлт мақтанышы болған ақындардың өлеңдерінің бірін жатқа айту.
3. “Педагогикалық лайфхак” ұтымды, қызықты әдіс - тәсілдермен бөлісу.

Өте қызықты әрі тартысты  өткен сайысқа жас мамандар тиянақты дайындықпен келгендіктерін көрсетті. Әділ қазылар алқасының  мүшелері  үш кезең бойынша қатысушылардың бағаларын сараптап, нәтижесін шығарды. Ал мектеп директоры мен  орынбасарлары  сайыс бойынша әділ қазылар шешімін қорытындылап, жеңімпаздарды марапаттады.
 Нәтижесінде Махмұт Жанымкүл Есенгелдіқызы Бас жүлдені иеленсе,
Ұжым таңдауымен Кульжанова Салтанат Айтжанқызы - “Талғампаздар таңдаулысы” номинациясын иеленді.
Қалған ұстаздарымыз: “Креативті жас маман-2023”
“Белсенді жас маман-2023”, «Шығармашыл  жас маман-2023”, «Дарынды жас маман-2023»,   «Білікті жас маман-2023»,  «Өнерлі жас маман-2023” номинацияларымен  марапатталды.
«Бұл ғасыр – тек білімділердің заманы, оны игере алсаң ғана көштен қалмайсың. Білімді бол, ұмтыл алға, жас маман!» деген ұранмен жас мамандарға ақ жол тілейміз.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив