07
сәуір
2022
Зиянды заттарға тәуелді болма
7 сәуір- Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай 9-10 сынып оқушылары арасында "Зиянды заттарға тәуелді болма" тақырыбында Жамбыл ауылдық амбулаториясының медицина мамандарымен бірлескен іс-шара болып өтті. Шара барысында оқушыларға зиянды заттардың денсаулыққа әсері жайлы лекция оқылып,жадынамалар таратылды. Электрондық темекені қолданбау және нашақорлықтың зардаптары туралы оқушылардың сұрақтарына жауап беріліп,пікір алмасты. Іс-шараға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Я. Ешжанова,педагог-психолог Д.Бастаубаева,педагог -ұйымдастырушы А.Турман,мектеп медбикесі А.Абдрахманова қатысты.
https://www.instagram.com/p/CcD07f1LSpF/