Жас мұғалімдермен жүргізілетін іс шаралар жоспары » "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жамбыл атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жамбыл атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
сәуір
2022

Жас мұғалімдермен жүргізілетін іс шаралар жоспары

Жас мұғалімдермен жүргізілетін іс шаралар жоспары

р/с

Іс-шаралар

Мерзімі

Жауапты

1

1.«Жас маман» мектебінің жұмыс жоспарымен таныстыру 

2. Жас мамандарға тәлімгерлер тағайындау.

3. Мектеп құжаттарын жүргізуге нұсқау беру (оқушылардың құжаты, журналдарды, күнтізбелік жоспарларды толтыру бойынша нұсқаулық)

қыркүйек

Г.Мәлік

тәлімгерлер

2

Мектеп құжаттарымен танысу: Күнделікті тексеру ережелері; Дәптерді тексеру ережелері;Сынып журналын толтыру ережелері;Бағаны нақты қоя білу;Кезекші мұғалім мен кезекші сынып ережелері Сынып жетекшісі ретінде әдістемелік нұсқау беру. Жас мұғалімдердің өзіндік білімін көтеру жоспарының сапасын тексеру

қазан

Г.Мәлік

тәлімгерлер

3

Озат тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарына қатысу.

Дөңгелек үстел: Тақырыбы.«Сабақ жоспарларының үлгілері»,«Нормативтік құжаттар». Қабілеті жоғары, үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыстарымен таныстыру.

қараша

Г.Мәлік

Тәлімгерлер

4

«Жас  маман мектебі» апталығы

желтоқсан

Г.Мәлік Тәлімгерлер

5

Семинар:

Тақырыбы:«Инновациялық технологияларды тиімді пайдалану әдіс тәсілдері».

2.Жас маман,тәлімгерлердің сабаққа қатысу дәптерлерін тексеру қорытындысы.


Г.Мәлік


6

Жас мамандардың ашық сабақ апталығы      «Педагогикалық дебют– 2022» байқауы

қаңтар

Г.Мәлік


7

Тренинг:

Тақырыбы:«Оқушы білімін дұрыс бағалай білеміз бе?» 

2.Жас мамандардың ашық сабақ беру қортытындысы.

ақпан

Г.Мәлік


8

1.Жас мұғалімдермен жүргізілген жылдық жұмыстарының қорытындысы. 
 2.Жас мұғалімдер рейтингісін шығару. 

мамыр

Г.Мәлік



Қорытынды: Әр бір жас ұстаздарға бөлінген тәлімгер ұстаздар, жас мұғалімдерге өз тәжірибелерін үйретіп, жас мұғалімдердің сабақтарына, тәрбие сағаттарына, сыныптан тыс жүргізілген жұмыстарына қадағылау жасады. 

            Жас ұстаздарға озат мұғалімдердің тәжірибесі бойынша, сондай-ақ оқушылармен шығармашылық жұмыстар қалай жүргізілуі керектігі туралы, көрнекіліктердің тиімді түрлері, үлестірмелі карточкаларды, логикалық ойлау тұрғысынан жасай білу керектігі жайлы түсінік берілді. Сабақ түрлері және талдау үлгілері туралы тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілді.Өзара сабақтарға қатысып, талдау жасап отырды.          

Ұсыныс: Сабаққа дайындық барысында:  -Сынып оқушыларының ерекшелігін есепке алу (сынып деңгейі, пәнге қызығушылығы,жұмыс қарқыны,білім, білік, дағдының қалыптасуы,әр түрлі жұмыс әрекетіне қарым-қатынас,оқу жұмысының әр түріне, сонымен қатар дәстүрден тыс жұмыс түрлеріне қатысы, оқушылардың жалпы тәртібі).                                                                                                                                                                                                                                                                               - Жеке ерекшеліктерді есепке алу (жүйке жүйесінің типі,тіл табысушылығы,көңіл-күйінің өзгеруі, эмоционалдығы,оқушылардың жаңа материалды қабылдауына басшылық жасауы,көңіл-күйдің төмендеуін жеңе білуі,өз білімі мен біліктілігіне сенімділігі,импровизация жасай білуі,техникалық оқу құралдары мен электронды есептеу техникасын,  түрлі оқу құралдарын пайдалана білуі).                    

- Сабақты жақсы өткізуге мүмкіндік беретін ережелерді сақтау(сабақтың тақырыптағы, тақырыптың жылдық курстағы орнын анықтау, сабақтың жалпы міндеттерін бөлу;сабақ тақырыбынақатысты үш түрлі:ғылыми, ғылыми-көпшілік, әдістемелік кітаптарды таңдап алу, олардың мазмұнымен танысу;оқу бағдарламасын қарап шығу, түсіндірме хатты қайта оқу,  берілген тақырып бойынша   стандарт талаптарын оқып шығу, сабаққа байланысты мұғалімнен не талап ететінін анықтау;оқулық материалын еске түсіру, тірек білім, білік, дағдыны бөліп алу;сабақ міндеттерін нақтылау, басты міндетті бөліп алу, оны оқушыларға түсінікті, олар қабылдай алатындай етіп тұжырымдап жоспарға жазу;сабақта оқушы нені түсінуі керек, нені есте сақтау керек, нені біліп, сабақтан нені үйренуі керектігін анықтау;оқушыларға қандай оқу материалын, қандай көлемде, қандай мөлшерде баяндау керектігін, жетекші идеяларды дәлелдейтін қандай қызықты деректерді келтіруге болатынын анықтау;сабақ міндеттеріне сәйкес сабақ мазмұнын жіктеп алу, жаңа білім, білік, дағдыны қалыптастыратын, жаңа материалды игертетін тиімді тәсілдерді таңдап алу;оқушылардың дәптерлері мен тақтада не және қалай жазылатынын ойластыру;сабақты тұтас құбылыс ретінде қарастыра отырып, көзделген сабақ барысын сабақ жоспарына жазу.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив