МЕКТЕПТІҢ ТАРИХЫ » "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жамбыл атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жамбыл атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
қаңтар
2022

МЕКТЕПТІҢ ТАРИХЫ

Алматы облысы 

                                                 Қарасай ауданы

  «Жамбыл атындағы орта мектеп» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі

                                          МЕКТЕПТІҢ ТАРИХЫ

   Жамбыл ауылындағы алғашқы мектеп 1929 жылы ашылған. Бұл жылдар кеңес Үкіметі кезіндегі жалпы халықты сауаттандыру науқанының кезі еді. Мектеп үйлері он шақты кішігірім бөлмелерден тұрған.Қағаздың тапшы уақытында жазу құралдары да болмай, парталар да қолдан жасалған еді. Осы мектепте Болатбек Омаров – батыр пионер, майдангер жазушы Үсенбай Тастанбеков, ақын аталарымыз Молдабек Саламатов пен Саяділ Керімбеков, Омарқұл Итақов, соғыс ардагерлері Молдахметов Сәрсенбай, Молдабаев Ыбырайым, Омаров Қыдырбек, Молдахметов Жексебай, Алматы облыстық мәслихатының депутаты, «Дәулет - Серпін – 603» ЖШС-нің бас директоры болған Серік Донбаев пен Қарасай аудандық Мәслихатының хатшысы  Еділ Қалиев сынды азаматтар оқыған.

   1980 жылдары мектептегі қазақ сыныптары жабылып, оқу тек орыс тілінде жүргізілді.1982 жылы мектептің осы күнгі үш қабатты, зәулім ғимараты   салынып,пайдалануға берілді. Қазақ сыныптары 1990 жылы қайта ашылып, ана тіліміздің мәртебесі көтеріле бастады. 1991 жылы Жеңіс күні қарсаңында мектеп алдында Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлерге арналған ескерткіш орнатылды.

2010 жылы абыз ақын, жүз жасаған бәйтерек, ХХ ғасырдың гомері – Жамбыл Жабаевқа арналған мұражай ашылды.    

Мектепті 1952 – 1962 жылдары Әбенов Кәрім Әбенұлы

1962 – 1966 жылдары Нүсіп Қажы Нүсіпұлы

1966 – 1977 жылдары Бекмағамбетов Хамит Бекмағамбетұлы

1977 – 1978 жылдары Қошанова Мәрия Қадымқызы 

1978 – 1984 жылдары Ким Жұмаділұлы Дүйсеков

1984 – 1989 жылдары Балқанов Мәжит Балқанұлы

1990 – 1991 Сұлтанов Әнуарбек Сұлтанұлы

1991 – 1994 жылдары  Қасенова Сара Бидасбайқызы

1994 – 2008 жылдар аралығында Донбаева Зағира Дәлібайқызы

2008 – 2011 жылдары Есперов Абден Баймағанұлы

2011 – 2013 жылдары Сайбырова Тұрсын Әділбекқызы

2013 – 2017 жылдары Оспанова Шолпан Айткуловна 

2017 – 2020 жылдары Әділбекқызы Динара

2020 – 2021 оқу жылынан бастап қазіргі кезге дейін   Нақысбеков Дархан Сатылғанұлы   басқарып келеді.

   Жүз жылға жуық тарихы бар мектебіміздің ғимараты – 624 оқушыға арналған. Мектебімізде – оқушы үш ауысыммен оқиды

 2018 жылы мектебіміз Алматы облысы бойынша «Ең үздік ауыл мектебі» атағына ие болды.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив