Мауленова Раушан Мауленқызы » "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жамбыл атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жамбыл атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
қаңтар
2023

Мауленова Раушан Мауленқызы

Мауленова Раушан Мауленқызы
Өмірбаян
 Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығаруда қызмет атқарып, өз ісін абыроймен атқарып жүрген жанашыр, халқына қалтқысыз қызмет етіп жүрген жан –Мауленова Раушан Мауленқызы.
 Раушан Мауленқызы 1976 жылы 12 ақпанда Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында дүниеге келген. Әкесі Раймов Маулен Сыдықұлы білімді, ревизор саласына бірнеше жылдар бойы еңбегі сіңген қайратты адам. Анасы Қуанышова Заря Мухамеджанқызы Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қошмамбет ауылында дүниеге келген. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сыныптасы болған. Сабырлы, байсалды, өнегелі, үлгілі ана, есепші қызметін атқарған өз ісіне жауапты маман болған адам.
 Раушан Мауленқызы көп балалы отбасында өсіп, ата-анасы мен әжесінің тәрбиесін алған. Кішкене кезінен зерек, тәрбиелі, инабатты, турашыл қыз болып өседі. 1983 жылы Түркістан облысы, Шардара қаласында М.Әуезов атындағы орта мектебіне бірінші сыныпқа барады. Мектепте әділ, адал оқушы екенін дәлелдеп, мектеп тәлімгері болған. 1993 жылы мектепті аттестатпен бітіріп, сол жылы №1 Алматы қалалық педагогикалық колледжге оқуға түседі. Колледж қабырғасында жүргенде өзінің болашақта ұлтқа жаны ашитын жанашыр, қамқор жан, қайырымды маман иесі болатындығын көрсетеді. Колледжді үздік дипломмен бітіріп, мұғалім мамандығын иегереді.
 Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қаласы, Әуезов ауданы, №158 орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша бастайды. Мұғалім мамандығында өзінің жауапкершілігі мол, жан-жақты білімді екенін көрсетеді. Сол мекемеде 1998 жылдан бастап оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарады. 2000 жылдан бастап Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім алып, 2004 жылы университетті аяқтады. Өзінің тәжірибесін арттырып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. 2000 жылдан бастап 2011 жылға дейін Алматы облысы, Қарасай ауданы, Ә.Молдағұлова атындағы орта мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарады. 2012-2013 жылдары Алматы қаласы, Әуезов ауданы, №155 орта мектебінде мектеп директоры қызметін атқарады. 2014-2018 жылдары Алматы облысы, Қарасай ауданы, А.С.Макаренко орта мектебінде мектеп директоры қызметін атқарады. 2018 
-2022 жылдары Кемертоған орта мектебінде мектеп директоры қызметін атқарады. 

2022 жылдың қазан айынан бастап Жамбыл орта мектебінде мектеп директоры қызметін атқарып келеді. Ұстаздық жолда тынымсыз еңбек етіп, өзінің білім-білігін дамытып, жоғары дәрежелі адамгершіліктің нұсқасын көрсеткен ірі тұлға.
 Ұлт болашағы жолындағы іргелі істердің басында жүретін халықшыл тұлғаның өзінің істеген істері мен салиқалы қазақ әйеліне тән парасаттылығымен, білімділігімен, іскерлігімен барлық мектеп ұжымына өнеге көрсетіп жүргендігін мақтанышпен айтуға болады. Раушан Мауленқызы қарапайым болмысына табандылық пен сабырлылықты, нәзіктік пен мейірімділікті қалыптастыра білген, сол қасиеттері арқылы тұлғалық даралыққа ие болып, өз тәжірибесін өзгелерге үйретуге дайын тұратын қайырымды жан.
 Раушан Мауленқызының ұстаздық жолда сіңірген еңбегі мен төккен тері ескерусіз қалған жоқ. 2020 жылы ҚР Білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін Раушан ханым ҚР білім және ғылым министрі А.Аймағанбетовтың алғыс хатымен марапатталды. 2018 жылы Республикалық www.orleu.kz порталының директорының мақтау қағазы, 2018 жылы Республикалық «Елім деп соғар жүрегім» байқауының мақтау қағазы, 2018 жылы II республикалық «Елім деп соғар жүрегім» байқауының алғыс хаты, 2018 жылы «Край добрых дел» жалпы қайырымдылық қорының алғыс хаты, 2019 жылы «Тіл, өнер және білім» орталығының құрмет грамотасы, 2019 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының құрмет грамотасы, 2019 жылы «Platon» Халықаралық білім дамыту орталығының «Platinum level» медалі, I Республикалық «Ынтымақ» бірлестігінің алғыс хаты, 2020 жылы «Қауіпсіздікті сақтау мен еңбекті қорғау» курсының сертификаты, 2020 жылы ҚР Білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін алғыс хат, 2020 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі, Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің алғыс хаты, 2021 жылы Халықаралық Экология, Инженерия және педагогика ғылымдар академиясының алғыс хаты, 2021 жылы «Кәсіптік білім берудің дуалды жүйесі» және білім берудегі заманауи инновациялық технологиялар атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының сертификаты, 2021 жылы «Мұғалімнің кәсіби стандарты: білім қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігіне қойылатын жаңа талаптар» Халықаралық тамыз педагогикалық конференциясының сертификаты, сондай-ақ бірнеше төсбелгімен, аудандық, округтік алғыс хаттармен, грамоталармен құрмет көрсетілген жан.
 Раушан Мауленқызы әуелі өзгелерге өз өмір жолымен үлгі болып келе жатқан ұлағатты тұлға. Кез келген жетістіктің тынымсыз еңбек арқылы ғана келетіндігін айналасына дәлелдеп, сол арқылы кәсіби тәжірибемен қатар адами құндылықтарды да насихаттап жүрген жоғары білікті ұстаз. Отбасында бауырларына қамқор әпке, сіңлі. Раушан ханым бүгінгі таңда ұстаздар мен ата-аналар арасында зор сенім мен құрметке ие болған, халықтың құрметі мен қошеметіне бөленіп келеді.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив