Хабарландыру конкурс » "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жамбыл атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жамбыл атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
тамыз
2022

Хабарландыру конкурс

     Хабарландыру конкурс «Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жамбыл атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос тұрған келесі мамандықтар лауазымына тағайындау және орналастыру конкурсын жариялайды.


Пошталық мекен-жайы: индексі: 040914, Алматы облысы  Қарасай ауданы  Жамбыл ауылы   Жамбыл көшесі  № 24 ғимарат  Байланыс телефоны: 8(72771) 3- 53- 37, электрондық сайт: http://zhambyl.karasai.edu.kz


  «Жамбыл атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1 бірліктегі арнайы логопед маманы.


Пошталық мекен-жайы: индексі: 040914, Алматы облысы  Қарасай ауданы  Жамбыл ауылы   Жамбыл көшесі  № 24 үй  Байланыс телефоны: 8(72771) 3- 53- 37, электрондық сайт: http://zhambyl.karasai.edu.kz


Білім беру ұйымының логопед лауазымына кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары:


"Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 169 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 сәуірде № 20551 болып тіркелді

       "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 34) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

       1. "Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2009 жылғы 17 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

       Педагог лауазымдарының типтік біліктілік сипаттамалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 






Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 2020 жылғы 30 сәуірдегі
 № 169 бұйрығына
 қосымша


Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 2009 жылғы 13 шілдедегі
 № 338 бұйрығымен
 бекітілген





Педагог лауазымдарының типтік біліктілік сипаттамалары

1-тарау. Жалпы ережелер

       1. Осы Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңына сәйкес әзірленді және мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік (орта білімнен кейінгі), арнайы, мамандандырылған, қосымша білім беру ұйымдарының меншігіне, ведомстволық бағыныстылығы мен ұйымдастыру-құқық нысанына қарамастан қолдануы үшін міндетті.

      2. Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамасы (бұдан әрі - Сипаттама):

      білім беру ұйымдарындағы олардың орны мен рөлін анықтайтын құрылымдық бөлімшелер туралы ережелер жасауға;

      педагогтердің міндеттерін, құқықтарын және жауапкершіліктерін белгілейтін лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеуге;

       кадрларды іріктеу мен орналастыру, оларды пайдалануда дұрыстығына бақылауды жүргізуге; 

      білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілік санаттарын беру (растау) рәсімдерін өткізуге негіз болады.

      3. Педагогтер лауазымының атаулары білім беру ұйымдарының штат кестесінде осы Сипаттамада көрсетілген лауазымдық атауларға сәйкес келуі қажет.

      4. Мамандардың лауазымдық міндеттер мен білім талаптарына (бас есепші, бас инженер, есепші, инженер, экономист және тағы басқалар) лауазымдары бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген қызметтің барлық саласына арналған жалпы біліктілік сипаттамасының негізінде анықталады.

      5. Басшылар, педагогтер біліктілік санаттары білім басқармасы органдары белгілейді.


8-параграф. Орта білім беру ұйымдарының арнайы педагогы (дефектолог, дефектолог-мұғалім логопед, логопед-мұғалім, олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог)

        Лауазымдық міндеттері: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен түзету жұмыстарын жүзеге асырады. 

       Білім беру ұйымдарында инклюзия қағидаларын дамытады. 

       Білім алушылардың психикалық, физикалық және физиологиялық бұзылуларына диагностика жасайды, олардың құрылымы мен айқындылық дәрежесін анықтайды. 

       Мұғалімдермен және басқа да мамандармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, бұзылған функцияларды түзету және қалпына келтіру және мүмкіндіктері шектеулі білім алушыларды әлеуметтендіру бойынша топтық және жеке қызметті жүзеге асырады. 

      Балаларға көмек көрсетудің арнайы әдістері мен тәсілдерін қолдану бойынша педагогтарға, білім алушылардың ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға кеңес береді.

       Тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру стандартының талаптарына сәйкес оқытудың әртүрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістері мен құралдарын пайдаланады. 

       Арнайы білім беру бағдарламаларын іске асырады. "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын іске асырады. 

       Өзінің кәсіби құзыреттілігін арттырады. 

      Әдістемелік кеңестердің, әдістемелік бірлестіктердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады. Қажетті құжаттаманы жүргізеді.

      Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен толерантты қарым-қатынасты қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізеді.

       Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын сақтайды. 

      Білім беру процесі кезінде балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.

       Білуге міндетті: 

       Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Педагог мәртебесі туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін, 

       өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтердің мемлекеттік стандарттарын, 

       жас және арнайы педагогика мен психологияны, дефектологияның анатомо-физиологиялық және клиникалық негіздерін, Педагогика және психология негіздерін, 

       білім алушылар мен тәрбиеленушілердің дамуында ауытқушылықтың алдын алу және түзету әдістері мен тәсілдері, дефектологиялық ғылым жетістіктері, 

      еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғаныс ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер.

      Біліктілікке қойылатын талаптар:

      "Арнайы педагогика" бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

      Және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейдегі педагог-модератор үшін мамандығы бойынша кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог – зерттеуші үшін кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс. педагог-шебер үшін-6 жыл.

Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

      1) "педагог" (санаты жоқ):

       Арнайы педагогке қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, дамуында ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған балаларды оқыту диагностикасының әдістерін меңгеруі, 

       дефектологияның қазіргі заманғы әдістерін меңгеруі, 

       білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысуы, 

       балалардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлауы және ұйымдастыруы тиіс; 

       балалардың жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал ету, білім беру ұйымдары деңгейіндегі іс-шараларға қатысу, 

       балалардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке көзқарасты жүзеге асыру, 

      кәсіптік-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру, сандық білім беру ресурстарын қолдану.

      2) "педагог – модератор":

      "педагог" санатының (санаты жоқ) жалпы талаптарына жауап беруі, сонымен қатар:

      тәрбиеленушілердің дамуындағы ауытқуларды диагностикалау мен түзетудің заманауи әдістерін пайдалануы, білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтауы тиіс.

      3) "педагог-сарапшы":

      "педагог – модератор" санатының жалпы талаптарына жауап беруі, сонымен қатар:

       балалардың дамуындағы ауытқулардың алдын алу және түзету әдістері мен тәсілдерін пайдалануы; 

       ата-аналармен немесе оларды алмастыратын тұлғалармен ынтымақтастықты қамтамасыз етуі; 

      инновациялық педагогикалық тәжірибені зерделеуі және енгізуі;

        ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын меңгеруі, 

      тәлімгерлікті жүзеге асыруы және кәсіби даму басымдықтарын конструктивті анықтауы, аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтауы тиіс.

      4) "педагог-зерттеуші":

      "педагог – сарапшы" санатының жалпы талаптарына жауап беруі, сонымен қатар:

      Дефектология ғылымының жаңа жетістіктерін пайдалануы;

       қызмет бағыты бойынша басқа ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуі; 

       облыс деңгейінде қызмет бағыты бойынша әдістемелік әзірлемелердің болуы; 

       сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын игеруі, тәлімгерлікті жүзеге асыруы, 

       облыс/республикалық маңызы бар және астаналық қалалары деңгейінде тәжірибені жинақтауы; 

      психологиялық-педагогикалық басылымдарда жарияланымдары болуы тиіс.

      5) "педагог-шебер":

      "педагог – зерттеуші" санатының жалпы талаптарына сәйкес болуы тиіс;, сонымен қатар:

       дефектологиялық ғылымның ең жаңа жетістіктерін енгізу; 

      авторлық бағдарламасы болуы немесе облыстық оқу-әдістемелік кеңесте немесе республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлдау алған шығарылған бағдарламалардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең автор) болуы,

        тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау, 

      білім беру саласындағы уәкілетті органмен бекітілген республикалық және халықаралық кәсіби конкурстардың қатысушысы болуы тиіс.



Конкурсты өткізу орны және күні: 15.08–22.08.2022 ж аралығында құжаттар қағаз және электронды түрде қабылданады.

22.08- 26.08.2022 ж аралығында құжаттар қаралып, конкурс қорытындысы бойынша шешім шығарылады.


Мекен-жайы:  Алматы облысы  Қарасай ауданы  Жамбыл ауылы   Жамбыл көшесі  №24 ғимарат  Байланыс телефоны: 8(72771) 3- 53- 37


Конкурсты өткізу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 19.11.2021 №568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау   министрнінің 21.11.2021 №432 бұйрықтарымен бекітілген ережеге сәйкес айқындалады. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/ V1200007495


Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурсқа қатысуға өтінімдер хабарлама жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қағаз және электронды түрде қабылданады.


Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

       1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/ V1200007495) сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

       6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

 7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

 8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

 9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

 10) 11-қосымшаға (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/ V1200007495)  сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.



Байқаушының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:

Крнкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар шақырылады.


Пошталық мекен-жайы: индексі: 040914, Алматы облысыҚарасай ауданыЖамбыл ауылыЖамбыл көшесі№ 24 үй Байланыс телефоны: 8(72771) 3- 53- 37, электрондық сайт: http://zhambyl.karasai.edu.kz


logoped-habarlandyru-konkurs.docx [25,08 Kb] (cкачиваний: 5)
Посмотреть онлайн файл: logoped-habarlandyru-konkurs.docx






Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив